Қарағандылықтар дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде 575 тоннаға жуық өнім сатып алды
Қарағандыда «GLOBAL CITY» көтерме-тарату орталығының аумағында сегіз ауданнан, сондай-ақ облыс қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындарынан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қатысуымен кезекті «Ауыл Береке» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Тұрғындар өнімді нарықтағы құнынан 10–15% төмен бағамен сатып ала алды.
Жәрмеңкеде 574,6 тонна өнім сатылды, оның ішінде 67,7 тонна ет, 350 тонна картоп, 110 тонна көкөніс, 18 тонна сүт өнімдері, 4,5 тонна шұжық өнімдері, 7,4 тонна балық және 17 тонна басқа тауарлар.
Мысалы, ет түріне байланысты бір келісі 1 800-ден (қой еті) 2 400 (жылқы еті) теңгеге дейін болды. Картоп, қырыққабат, сәбіз және қызылша – 110 тг., пияз – 70 тг. Он жұмыртқа – 220 теңгеден 320 теңгеге дейін.
Келесі жәрмеңке 6 қарашада «GLOBAL CITY» КТО аумағында өтеді.
Мекен-жайы: Қарағанды қ., 134-ші есептік квартал (Тәттімбет және Момышұлы көшелерінің қиылысы).
«GLOBAL CITY» көтерме-тарату орталығына № 40, 56, 5, 146 автобустармен және №02 және 29 маршруттық көліктерімен жетуге болады.
Автокөлік иелеріне ыңғайлы болу үшін «GLOBAL CITY» КТО аумағында үлкен тегін тұрақ бар.