Қарағандылық шаруалар Нұр-Сұлтан қаласындағы жәрмеңкеге 600 тоннадан астам өнім апарады
Нұр-Сұлтанда Қарағанды облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бүгін және ертең, 2 және 3 қазанда елорда тұрғындары фермерлік өнімдерді қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңкеге облыстың 126 фермерлік шаруашылығы мен қайта өңдеу кәсіпорындары 600 тоннадан астам ауыл шаруашылығқ өнімдерін әкелді: 150 тонна ет, 4 тоннадан астам балық, 200 мың дана жұмыртқа, 20 тонна сүт өнімдері, 495 тонна картоп және басқа да көкөністер. Сондай-ақ, 11 тоннадан астам шұжық, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері.
Жәрмеңке өтетін орын – «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаң (Д. Қонаев көшесінен Тұран даңғылына дейін).
Жәрмеңке Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ұсынған санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылды.