Қарағандылық паралимпиадашылар әлем біріншіліктерінің жүлдегерлері атанды

Қарағандылық Әлия Рахымбекова АҚШ-тағы әлем кубогы сериясында брасспен және арқамен жүзуден 100 метр қашықтықта екі күміс медаль жеңіп алды. Руфат Хабибуллин Италиядағы жеңіл атлетикадан Эзоло-2021 әлемдік Гран-при сериясындағы турнирде 200 метрге жүгіруден қола жүлдегер атанды.

Естеріңізге сала кетейік, қарағандылық мүмкіндігі шектеулі жеті спортшы Токиода өтетін XVI Паралимпиада ойындарына қатысу нормативтерін орындады: жүзу бойынша – Наталья Звягинцева, Андрей Афанасьев, Әлия Рахымбекова; жеңіл атлетика бойынша – Руфат Хабибуллин, Тоқтар Жақыпов, Дастан Мұқашбеков; нысана көздеу бойынша – Айдос Жылқышинов.

Қарағанды облысының спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша