Қарағандылық оқушылар «Жас ғалым» Халықаралық ғылыми байқауының алтын медалін жеңіп алды
Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары Әнуар Дүйсенбеков пен Фархат Нұрланов Кореяда өткен VII Халықаралық «Жас Ғалым» ғылыми байқауында бірінші орын алды. Сондай-ақ, жас зерттеушілерге Woosong университетінде оқуға 75%-ші жеңілдікпен гранттар берілді.
Қазылар алқасына олар «Соққы сипаттамаларын анықтау үшін композиттік балауыз және графит сенсорымен баскетбол добын сынау» ғылыми жобасын ұсынды. Жоба ағылшын тілінде қорғалды.
Әнуар мен Фархаттың ғылыми жетекшілері – физика пәнінің оқытушылары Саягүл Нұржігітова мен Стоян Рендевски.
«Баскетбол добының сапасы еркін құлаған доптың секіру биіктігі мен еденге соғылған кезде допқа әсер ететін күш тұрғысынан талқыланды. Графиттің шекті концентрациясы 15% болатын графит балауызы, тіпті кішкентай зерттелген күштермен де, соққыны өлшеуге арналған сезімтал сенсор екендігі дәлелденді», – деп мектеп оқушылары өз зерттеу бағытын түсіндіреді.
«Жас ғалым» Халықаралық ғылыми байқауы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде оған Қазақстаннан 400-ден астам оқушы қатысты. Ұйымдастырушылар — WOOSONG Университеті және SolBridge Халықаралық бизнес мектебі (Корея, Тэджон қаласы).
Байқау екінші жыл қатарынан қашықтық форматта өтуде. Зияткерлік жарыстарға қатысушылардың зерттеу жұмыстарын АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Ресей және басқа да елдердің университеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамы бағалайды.