Қарағандылық оқушылар тегін оқулықпен қамтылады
Қарағанды облысында оқушыларды тегін оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бір апта ішінде жүк көліктері аймаққа баспа өнімдерінің екі үлкен партиясын жеткізді.
«Бүгінгі таңда мектеп қорынан 2–11 сынып оқушыларына оқулықтар берілді. Биылғы жылы 1-сынып үшін және 2–11-ші сыныптар үшін тозғандарды ауыстыруға қайта шығарылған оқулықтарға тапсырыс берілді. 1 млрд 766 млн теңгеге 16 баспамен келісім-шарт жасалды. Облыс бойынша бес тасымалдаушы анықталды», – деді Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова өзінің Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, оқулықтардың бірінші топтамасы 30 шілдеде, екіншісі – 5 тамызда келді. Жеткізуді 25 тамызға дейін толық аяқтау жоспарлануда.
Ведомствоның мәліметінше, облыс бойынша жаңа оқу жылында мектеп оқушыларының саны шамамен 209 мың адамды құрайды, оның ішінде бірінші сынып оқушылары – 21 800.
Дереккөз – Қарағанды облысының әкімдігі.