Қарағандылық оқушы Халықаралық математикалық олимпиаданың жүлдегері атанды

Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Рахым Баймурзин 62-ші Халықаралық математикалық олимпиаданың (IMO) қола медалін жеңіп алды.

Биылғы жылы жас математиктердің жарыстары қашықтықтан өтті. Олимпиадаға әлемнің 107 елінен 600-ден астам оқушы қатысты.

Қарағандылық Рахым Баймурзин алты адамнан тұратын қазақстандық командаға енді. Құрама алты медальға ие болды: бір алтын, үш күміс және екі қола.

– Тапсырмалар күрделі болды. Нәтижесі қанағаттандырды. IMO-да 2022 жылы өнер көрсетіп, өз деңгейімді көтере аламын деп үміттенемін, – дейді Рахым Баймурзин.

Жас математиктің көптеген жетістіктері бар. Ол XVII Халықаралық Жәутіков және Халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадаларының күміс жүлдегері, «Жібек жолы» Халықаралық математикалық олимпиадасының қола жүлдегері болып табылады. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желілік олимпиадасында және жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада екінші болды.

Дереккөз – Қарағанды облысының әкімдігі