Қарағандылық кәсіпорындар 560,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді
Қарағанды облысында екі айда 560,5 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Инвестиция көлемі 85,5 млрд теңгені құрайтын 14%-ға өседі деп күтілуде.
Қаңтар-ақпан айларындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды қорытындылары онлайн режимінде аппараттық кеңесте талқыланды.
— Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 560,5 млрд теңге көлемімен 99-100% дәлізінде болжануда. Өңдеу өнеркәсібінде өнім өндірісі 2-3%-ға өседі деп күтілуде. Облыстың негізгі капиталына инвестициялар 13,9% өсіммен 85,5 млрд теңге көлемінде болжануда. Құрылыста 3%-ға немесе ақшалай мәнде — 18,8 млрд теңгеге ұлғайту күтілуде, — деп баяндады экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.
Алдын ала деректер бойынша, 93,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,9%-ға өсті.
Ауыл шаруашылығында оң динамика байқалады. Өңірде ет пен сүт өндірісі артты.
— Жалпы екі айдың динамикасы жаман емес. Инвестициялар өсті. Өңдеу өнеркәсібінде де көрсеткіштер жақсы. Құрылыс саласы да оң динамикада. Осы қарқынды экономиканың барлық салалары бойынша бекітілген индикаторларды сақтап, орындау қажет, — деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.