Қарағандыда республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары марапатталды
Қарағандыда республикалық Абай оқуларының төрт жүлдегері марапатталды. Байқау жеңімпаздарына «Дарын» РҒПО грамоталары, ал оқытушыларына – алғыс хаттар табыс етілді.
Ақшарат Эшкулова, Алина Наурызбаева және Шұғыла Бекен екінші дәрежелі диплом иегерлері атанды. Үшінші орынды Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатынан Аружан Бүкенова алды.
Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында «Сарыарқа дарыны» БҚББАҒПО Абай оқуларының республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен жетекшілерімен кездесу ұйымдастырды. Онлайн-режимде іс-шараға облыстың 400-ден астам оқушысы қосылды. Қарағанды қаласының №61 мектебінің және Жамбыл атындағы ММИ-ның оқушылары мен педагогтары балалардың қабілеттерін қалай анықтауға және оларды дамытуға қатысты өз идеяларымен бөлісті.
Кездесу соңында Абай оқуларының республикалық кезеңінің жүлдегерлері «Дарын» РҒПО грамоталарын алды.