Қарағандыда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған даму орталығы ашылды
Майқұдық мәдениет үйінде дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған дамытушы демалыс орталығы пайда болды. Жаңа орталықты ашу идеясы «Шаг за шагом» қоғамдық бірлестігіне тиесілі.
— Бұл біздің бірлестігіміздегі алғашқы үлкен оқиға. Біз бұған ұзақ уақыт жүріп келдік, көптеген қиындықтарға тап болдық, бірақ соңында бәрі ойдағыдай болды. Біздің ортақ мақсатымыз — тәрбие тәжірибесімен бөлісу және мәселелерді бірге шешу, — дейді «Шаг за шагом» бірлестігінің негізін қалаушы Наталья Альшанская.
Орталық қайырымдылық негізде жұмыс істейді. Орталық педагогтары жалақы алмайды. Балаларға арналған сабақтар да тегін өтеді. Бұл ата-аналар үшін үлкен көмек, себебі ерекше балаларды оңалтуға көп қаржы кетеді және олардың дамуына әдетте қаражат қалмайды.
— Орталықта балаларға сурет салу, музыка, көркем еңбек үйретіледі – бұл сабақ модельдеу және ұсақ моториканы дамытуды қарастырады. Қазір логопед және ағылшын тілінің оқытушысымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, — деді Наталья Альшанская.
Кәдімгі бөлме сабақтарға арналған шағын сыныпқа айналды. Октябрь ауданының әкімдігі орталықты жиһазбен қамтамасыз етті, ал демеушілер кеңсе сыйлады.
Дамыту орталығына барғысы келетіндер көп, бірақ кеңсе аз, сондықтан олар тек 24 баланы қамти алады. Пандемияға байланысты сабақтар бір уақытта олардың төртеуімен ғана өтеді.
— Әрине, бізде үлкен жоспарлар болды. Біз үлкен бөлме болады деп ойладық, бірнеше бағытты кеңселер аша аламыз. Бірақ біз қазр осыған да қуаныштымыз. Кешелекте одан әрі дамып, кеңейе береміз. Барлық ойларымыз бен арманымызды кезең-кезеңімен жүзеге асырмақпыз, — деп жоспарларымен бөлісті Наталья Альшанская.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.