Қарағандыда балалар стоматологиясы бөлімі ашылды
Балалар бөлімшесі өз жұмысын Қарағандыдағы облыстық стоматологиялық емхана жанынан бастады. Мұнда 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге тегін көмек көрсетіледі. Қалған қарағандылықтар МӘМС аясында шұғыл жағдайларда осы жерге жүгіне алады.
Балалар стоматологиясы Ержанов көшесі, 47/2-де ашылды. Бөлімшеде алты кабинет құрылған. Олардың барлығы заманауи неміс, итальян және жапон жабдықтарымен жабдықталған. Стоматологтар қолданатын құралдарды зарарсыздандыру бөліміне жоғары талаптар қойылады. Бүгінгі таңда штатта 21 дәрігер және 14 медбике бар.
Кәсіби стоматологтар қызметтердің кең спектрін ұсынады. Сау тістерді қалпына келтіруден бастап, түрлі қызыл иек ауруларының алдын алуға дейін.
— Әрбір кішкентай пациент біз үшін ерекше, сондықтан біздің дәрігерлеріміз сәл психолог ретінде де өздерін көрсете біледі. Барлық балаларға жеке назар бөліп, бақылаймыз. Балаларды емдеудегі ерекшеліктерге келетін болсақ. Мысалы, үш жасқа дейінгі балаларға тұрақты анестезия жасау мүмкін емес. Оларға заманауи анестетиктер қажет, сондықтан дұрыс дозаны есептеу өте маңызды, — деді бөлім меңгерушісі Елена Нам.
Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша