Қарағандыда автобус паркі жаңартылады
Қарағандыда автопарк жаңартылуда. «Таксокомбинат-1» ЖШС облыс әкімдігі мен өнеркәсіпті дамыту Қорының қолдауымен сыйымдылығы 51 адамға арналған Yutong маркалы алғашқы төрт автобус сатып алды.
«Автобустар халықтың қауқары төмен топтарына арналған пандустармен және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Жаңа автобустар жақын арада қалалық маршруттар бойынша рейске шығады. Қалған 20 автобус ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін жеткізіледі деп күтілуде. Жалпы, 2021 жылы 60 автобусты жаңартуды жоспарлап отырмыз», — деп хабарлады Қарағанды қаласының әкімдігі.