Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Саят Шаймин тағайындалды. Ведомствоның жаңа басшысын әріптестеріне облыс әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте таныстырды.

Саят Шаймин 2011 жылдан 2015 жылға дейін «Қарағанды жолдары» ЖШС еңбек етті. Қатардағы маманнан бөлім бастығына дейінгі мансап жолын өтті.

2015 жылы «ҚазАвтоЖол» АҚ бас маманы, кейін күрделі жөндеу басқармасында бас менеджер болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.