Қарағанды облысының жастарын «Дарын» байқауына қатысуға шақырады
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алу үшін конкурсқа қатысуға шақырады.
Байқау 10 номинация бойынша өтеді: «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы».
Сыйлық алуға өтінімдерді қабылдауға дейін жасы 29-ға толмаған, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын Қазақстан азаматтары үміткер бола алады.
Сыйлық алуға үміткерлерді мемлекеттік органдар, шығармашылық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынады.
Сыйлыққа ие болғандарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы тапсырылады.
Ізденушілердің құжаттарын (қағаз нұсқада) 2021 жылғы 10 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті мына мекенжай бойынша қабылдайды: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» ғимараты (14-кіреберіс). Немесе электрондық пошта арқылы premiya.daryn@gmail.com.
Телефондар: (8-7172) 74-05-25, (8-7172) 74-18-43, 8-701-170-46-54.
Байқауға қатысуға ниет білдірген қарағандылықтар қаланың жастар ресурстық орталығына (8-7212) 50-40-62 телефоны арқылы хабарласа алады.
Толығырақ ақпарат («Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру Қағидалары) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында, «Жастар саясаты» бөлімінде қолжетімді.
Естеріңізге сала кетейік, «Дарын» сыйлығы Тұңғыш Президенттің бастамасымен 1992 жылы тағайындалған болатын. Осы жылдар ішінде ол 294 қазақстандыққа табыс етілді.