Қарағанды облысының тұрғындары «Ана мен бала» онлайн-байқауына қатыса алады
Қарағанды гимнастика мектебі «Ана мен бала» онлайн-сайысын өткізеді. Қашықтық біріншілігіне барлық тілек білдірген аналар мен 7-9 жастағы балалар қатыса алады.
Жазылған бейнені WhatsApp-қа 28-30 сәуір аралығында жіберу керек. Жарыс сынағына үш жаттығудың нәтижелері кіреді. Олардың әрқайсысының бейнелері тұтас болуы керек. Музыкалық сүйемелдеуге жол беріледі.
Жаттығуды орындау алдында қатысушы бейнеде құжаттарды көрсетеді: баланың туу туралы куәлігі, жеке куәлігі, сондай-ақ өзінің Т. А. Ә., туған жылы және тұратын қала/аудан туралы дауыстап айтады.
Жаттығулар бейнесі отбасының тегі жазылып, төмендегі нөмірлерге жіберілуі керек. Жаттығудың өзі және қосылған секундомер нақты көрсетілуі тиіс.
1. Еденнен итерілу.
Бір минут ішінде бірнеше рет максималды санын орындау керек.
Кураторлар: Д. Д. Арыстанбеков (+7-778-673-42-03), О. Т. Тұрсынбеков (+7-701-439-53-77).
2. Скват.
Бір минут ішінде бірнеше рет максималды санын орындау керек.
Кураторлар: Н. П. Дембовская (+7-775-989-11-45), Д. Т. Ахатова (+7-701-603-78-09).
3. Секіртпемен (скакалка) секіру.
Жаттығуды 30 секундта орындау керек. Секіртпенің әрбір айналымы саналады.
Кураторлар: А. О. Ниязова (+7-702-201-88-70), Ә. Б. Ақжолтай (+7-778-669-72-36).
Үздік нәтиже ең жоғары балл сомасы бойынша анықталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды облысының ҚСжАЕК атынан грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.