Қарағанды облысының тұрғындары 2020 жылы медициналық сақтандыруға 20 млрд. теңгеден астам қаржы аударды

2020 жылдың желтоқсан айында Қарағанды облысының тұрғындары медициналық сақтандыруға 2,3 млрд теңге аударды. 2020 жылы өңірден қорға 20,5 млрд теңгеден астам қаражат түсті.

2020 жылдың желтоқсан айында облыстың жұмыс берушілері өз қызметкерлері үшін 1,4 млрд теңге жарналар мен аударымдар аударды. Бұл ретте жұмыс берушілерден мерзімі өткен төлемдер үшін өсімақы 1,3 млн теңгені құрады.

ЖК, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық және БЖТ төлеушілер медициналық сақтандыруға 853 млн теңгеден астам жарна аударды.

— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен барлық қаражат Ұлттық банкте сақталады. Кейін олар МӘМС аясында көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге жіберіледі, — деді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша