Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды
Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Абзал Жайлыбаев тағайындалды. Бұған дейін ол осы басқармада басшының орынбасары болып қызмет атқарған.
Кадрлық өзгерістер туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте хабарлады.
Абзал Жайлыбаев 1982 жылы 8 шілдеде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын 2004 жылы Жаңаарқа ауданы бойынша Салық комитетінде бастаған. Жаңаарқа ауданының қаржы бөлімін басқарды. Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының басшысы болды. Содан кейін Қарағанды облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда — бас инспектордан бастап аппарат басшысының орынбасарына дейін жұмыс істеді. 2019 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары болды.