Қарағанды облысының мектептерінде ақпараттық сауаттылық апталығы өтуде
Қарағанды облысының оқушылары цифрлық әлемге бет алды. Бірінші ақпан күні барлық мектептерде ақпараттық сауаттылық апталығы басталды.
Бағдарламада сынып сағаттары, шығармашылық жұмыстар, робототехника және т.б. қарастырылған. Бағдарламалау бойынша олимпиада өтеді. Онлайн-кездесулер жоспарланған, оқушылар табысты блогерлермен сөйлесе алады.
Осылайша, ұйымдастырушылар балалардың информатикаға деген қызығушылығын арттырғысы келеді. Оқушыларға күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды қолдану және әлеуметтік желідегі мінез-құлық ережелері туралы айтылады.
Қаңтар айынан бастап Қарағанды облысында функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жоба жұмыс істейді. Әр апта жеке бағытқа арналған.
Жуырда оқу және математикалық сауаттылық апталары өтті. 1-6 ақпан аралығында «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығы өтеді.
Бұдан әрі сауаттылық апталығы келесі кесте бойынша өтеді:
— құқықтық — 8-13 ақпан;
— физикалық — 15-20 ақпан;
— қаржылық — 22-27 ақпан;
— оқырман — 1-6 наурыз;
— жаратылыстану-ғылыми — 9-13 наурыз;
— тілдік — 12-17 сәуір;
— экологиялық — 19-24 сәуір.
Ұйымдастырушылар — Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы.
umckrg.gov.kz