Қарағанды облысының әкімі Шахан тұрғындарымен кездесіп, үйлерді орталықтандырылған жылуға қосу жоспарын талқылады

Шаханда орталық қазандықтың құрылысы аяқталуға жақын. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек шахандықтармен кездесіп, тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылуға қосу жоспарын талқылады. Кент тұрғындарын ең алдымен үйішілік желілер қалай жүргізілетіні қызықтырды.

Жеңіс Қасымбек көп қабатты үйлерді Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы есебінен қосу жоспарланғанын түсіндірді. Бағдарламаға қатысу үшін үйдегі пәтер иелерінің 70% келісім беруі тиіс. Бүгінгі таңда 24 үй қосылуға дайын.

Аймақ басшысы осы мәселеге жауапты болып, маусым айында алғашқы үйлерге барлық қажетті коммуникациялардың жеткізілуін жеделдетуді тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімімен кездесуде Шахан кентінің тұрғындары көпірлер мен жолдарды жөндеу сияқты басқа да мәселелерді көтерді. Жоспар бойынша осы жылы екі көпірдің және Қарағанды – Саран – Шахтинск жолының 19 шақырымының құрылысы аяқталады.

Жұмыс сапары барысында Жеңіс Қасымбек Ботақара кентінде де болып, тұрғын үйлер мен 320 орындық ДСК құрылысымен танысты.

Биылғы жылы 10 көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру және қайталама тұрғын үй сатып алу есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылар ретінде кезекте тұрған Ботақара кентінің 330 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешені аудан орталығында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынуда. Ғимараттың қаңқасы тұрғызылып, әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Олар жұмысты күзге дейін аяқтауды жоспарлап отыр.