Қарағанды облысының әкімі Қазақстанның Бас мүфтиімен кездесті
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Өңір басшылары мен ҚМДБ дін мәселелерін талқылап, бірлесе атқарылатын жұмыс туралы келісті.
Бас мүфти Қарағанды облысында дін тұрғысынан үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
– 30 жыл бойы мұсылмандардың діни басқармасы еліміздің бірлігі мен ынтымақтастығына қомақты үлес қосып келеді. Біз әкімдіктермен үнемі жұмыс істейміз. Қазір бұл жұмыстың нәтижесі көрініп тұр, – деп атап өтті Наурызбай қажы. – Біздің қызметіміздің бағыттарының бірі – ақпарат. Заманауи технологиялар ғасырында ол сенімді болуы керек. Осыған байланысты өткен жылы ҚМДБ жанынан өз арнамызды аштық. Бүгін оның филиалы Қарағандыда да жұмыс істей бастады.