Қарағанды облысының энергия өндіруші ұйымдары отынға жұмсалған шығындарды өтеу үшін субсидия алады
Қарағанды облысының энергия өндіруші ұйымдарына отынға жұмсалған шығындарды өтеу үшін субсидиялар бөлінеді. Бұл тұтынушылар үшін тарифті қолайлы деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
Жыл сайын облыстық бюджеттен осы мақсаттарға қаражат қарастырылады.
Биыл Приозерск, Саран, Шахтинск, Балқаш, сондай-ақ Ақтоғай және Жаңаарқа аудандарының жылу көздері 143,6 мың тонна көмір және 11 мың тонна мазут отынын алады.
Энергия өндіруші ұйымдарды қолдау жылу көздерінің үздіксіз жұмыс істеуін, жоғарыда аталған қалалар мен аудандардың шамамен 104 мың тұрғынын сапалы жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, субсидиялау жылумен жабдықтау қызметтеріне тарифтің сақталуына ықпал етеді.