Қарағанды облысының бас санитариялық дәрігері Юрий Залыгин өңір тұрғындарына үндеу жолдады

Құрметті облыс тұрғындары!

Көктемгі мерекелер қарсаңында сіздерге ең алдымен денсаулық тілеп, Қарағанды облысының «жасыл аймақта» болуына қарамастан сақтық шаралары туралы ұмытпау керектігін еске салғым келеді.

Коронавирустық инфекциясының тіркелуі жалғасуда, бүгінгі таңда облыс аумағында 15 мыңнан астам жағдай тіркелген. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 1130,1, репродуктивтік саны 0,903 құрайды.

Жаңа жылдық мерекелерден кейін бір инкубациялық кезең өткен соң облыс «сары аймаққа» еніп, шектеу шаралары енгізілгенін сіздер жақсы білесіздер.

Сондықтан келесі кеңестер әлі де өзекті болып қала береді:

— масканы дұрыс киіңіз;

— әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз;

— шұғыл қажеттіліксіз адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз;

— жаппай мерекелік іс-шараларға қатыспаңыз және өткізбеңіз;

— антисептиктерді қолданыңыз;

— қол гигиенасын сақтаңыз.

Есіңізде болсын, барлық шараларды қатаң сақтау бізге коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Өзіңізді, жақындарыңызды қорғаңыз!