Қарағанды облысының 35 тұрғынына медсақтандыру қаражаты есебінен диафрагмаға ота жасалды
Жыл басынан бері облыстық клиникалық аурухананың хирургтары диафрагмаға 35 ота жасады. Операциялар лапароскопиялық фундопликация әдісі арқылы жүзеге асырылды.
Бұл әдіс диафрагманың өңеш саңылауының жарығын (грыжасын) емдеу үшін қолданылады. Аталмыш диагнозбен адамда асқазанның бір бөлігі іш қуысынан кеудеге көтеріледі. Науқас ауырсынуды және тұрақты жүрек айнуын сезінеді.
– Органды орнына қайтару үшін лапароскопиялық фундопликация жүргізіледі. Ол төрт тесік арқылы жасалады. Операция шамамен бір сағатқа созылады. Диафрагманың аяқтары тігіледі, осылайша біз диафрагманың өңеш саңылауын тарылтамыз. Сол өңештің жанында асқазанның түбінен манжета жасалады, – деді ОКБ хирургия бөлімінің меңгерушісі Еркебұлан Төлеубаев.
Лапароскопиялық фундопликация гастроэзофагеальды рефлюкс кезінде де жүргізіледі. Мұндай бұзылыс, сонымен қатар асқазан ішіндегі құрамының өңешке үнемі шығарылуымен байланысты және өңештің шырышты қабығындағы қабыну өзгерістерімен бірге жүреді. Операциядан кейін бұл белгілер жоғалады. Ал 3 күннен кейін науқас үйге шығарылады.
Облыстық клиникалық ауруханада лапароскопиялық фундопликация әдісі алты жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Жылына хирургтар осындай 150-ге жуық операция жасайды. Әрбір операцияны төлеуге медициналық сақтандыру Қоры 600 мыңнан астам теңге жібереді. МӘМС аясында сақтандырылған пациенттер үшін бұл операция тегін.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша