Қарағанды облысында Жеңіс күні қалай атап өтіледі?
Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу онлайн-форматта өтеді. Шерулер мен бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді . Алайда күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар ұмыт қалмайды.
SARYARQA aqparat медиахолдингінің арқасында «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды» еске алу акциясын Қарағандының интернет-алаңдарында және LED-экрандарында 9 мамырда көруге болады. Жеңіс күніне арналған виртуалды шеру үшін облыстың 333 тұрғыны туған-туысқандарының суреттерін жіберген.
Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы өзгерген жағдайда Мәңгілік алау мемориалына гирляндалар мен гүлдер қою жоспарлануда.
Әлихан Бөкейханов атындағы ауданда Ұлы Отан соғысына қатысқан педагогтарға ескерткіш қойылады. Осы жерде қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ғимаратында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Нина Сорокинаның естелік тақтасы ашылады.
Қырық екі онлайн және офлайн іс-шаралар облыстың мәдени және білім беру мекемелерімен дайындалды.
Мәдениет үйлері «Соғыс жылдарындағы әндер» онлайн-фестивальдерін, «Көктемнің Жеңісті мамыр күні», «Желбіре, жеңіс жалауы» мерекелік концерттерін, «Есімде – демек мен өмір сүремін», «Жеңіс есімсіз болмайды» еске алу кештерін өткізеді.
9 мамырда Кеншілер мәдениет сарайында «Ер есімі – ел есінде» онлайн-форматында театрландырылған концерттік бағдарлама өтеді.
Жеңіс күніне орай Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртістері екі шара дайындады. Алтыншы мамырда циркте джаз оркестрінің концерті, ал 9 мамырда «Шалқыма» концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрдің «Біз бұл естелікке адалмыз» атты мерекелік концерті өтеді.
Жеңістің 76 жылдығына арналған көрмелер мен дөңгелек үстелдер Қарағанды кітапханалары мен мұражайларында өтеді.
Әуезов атындағы ОҚК Кеңес Одағының Батыры Қазбек Нұржановтың ұрпағы Марат Нұржановпен онлайн-кездесуге шақырады.
Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында «Теміртаудың Алтын есімдері. Мұғалімдер – тыл еңбеккерлері» альбомының тұсаукесері өтеді.
Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы «Баршаңызға рахмет!» қайырымдылық акциясын ұйымдастырады. Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Чирышевтің үйіне көмек көрсету жоспарланған.
Балқаш тарихи-өлкетану мұражайында қазақ композиторларының соғыс туралы «Рухты әндер» атты ән байқауы дайындалды.
9 мамырда облыстың барлық театрларында Жеңіске арналған мерекелік бағдарламалар мен спектакльдер өтеді. Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры «Аман қалған әлемнің жадысында…» концертін әзірледі. «Болған соғыс» музыкалық-поэтикалық жобасы көрермендерге К. С. Станиславский атындағы Қарағанды драма театрында ұсынылады.
Аула клубтары соғыс жылдарындағы ән фестиваль-байқауларын ұйымдастырып, өз ауласының ардагерлерін құттықтайды.