Қарағанды облысында Жастар тәжірибесіне өтінімдер қабылдау басталды
Орта кәсіптік, техникалық және жоғары оқу орындарының 2019, 2020 және 2021 жылғы түлектері Жастар тәжірибесіне шақырылады. Тәжірибеге жасы 29-дан аспаған, соңғы үш жыл аралығында оқуын бітірген, жұмыссыз жүрген жастарды жолдайды.
Жастар тәжірибесі мерзімінің ұзақтығы – 6 айдан аспайды.
Ай сайынғы жалақы көлемі 25 АЕК құрайды.
Жастар тәжірибесіне қатысу үшін тұрғылықты орны бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына барып, өтініш тапсыру қажет. Сонымен қатар келесідей құжаттарды ұсыну керек:
– жеке куәліктің көшірмесі;
– еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);
– техникалық және кәсіби, орташадан жоғары, жоғары және ЖОО-нан кейінгі білімін растайтын құжаттың көшірмесі.
Қосымша ақпарат алу үшін қалалар және аудандардағы жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну қажет. Сонымен қатар толығырақ ақпаратты Қарағанды қаласының Жұмыспен қамту орталығының Instagram-дағы парақшасынан және (8-7212) 996-402 телефоны арқылы алуға болады.