Қарағанды облысындағы алты қаланың ХҚКО 1 сәуірден бастап келушілерді тек алдын ала жазылу бойынша қабылдайды

Қарағанды облысының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 1 сәуірден бастап Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларының ХҚКО қызмет алушыларды тек кезекті алдын ала брондаған жағдайда ғана қабылдайтын болады

ХҚКО кезекті 1414 call-орталығы, egov.kz Электрондық үкімет порталы, еGovmobile  қосымшасы немесе EgovKzbot2.0 (@kenes1414bot) телеграм-боты арқылы брондауға болады.