Қарағанды облысында террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жойылды

Қазақстанның 14 өңірінің аумағында, оның ішінде Қарағанды облысында террористік қауіптіліктің сыни «қызыл» деңгейі жойылды. Терроризмге қарсы операцияның аяқталуы және оны өткізу аймағындағы құқықтық режимнің әрекеті туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб хабарлады.

Сонымен қатар, Қарағанды облыстық жедел штабы сақталып отырған террористік қауіпке байланысты Балқаш қаласының аумағында қалыпты «сары» деңгейді енгізуде.

Азаматтардан енгізілген шектеу шараларына түсіністікпен қарауды және мемлекеттік және құқық қорғау органдарының талаптарын мүлтіксіз сақтауды сұрайды.