Қарағанды облысында тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесі екі есеге артты

Қарағанды облысы жергілікті қамту үлесін арттыруда. Өткен жылмен салыстырғанда көлем екі есеге артты. Жеңіл өнеркәсіпте нәтиже 2,1 млрд теңгені, машина жасауда — шамамен 7,4 млрд теңгені, химия өнеркәсібінде — 3 млрд теңгені құрайды.

Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Нұрлан Әлімжанов онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте «қарапайым заттар экономикасы» тауарларын мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы айтып берді.

— 2020 жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобалық кеңсе өнеркәсіптің алты саласын анықтады, олар бойынша «қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде тауарларды мемлекеттік сатып алуда жергілікті қамту мониторингі жүргізіледі. 1-ші желтоқсандағы жағдайға сай жиһаз бойынша жергілікті қамтудың үлесі 87%-ды, жеңіл өнеркәсіп бойынша — 83,5%-ды, құрылыс материалдары бойынша — 91,1%-ды, тамақ өнеркәсібі бойынша — 81,3%-ды, машина жасау бойынша — 60,6%-ды, химия өнеркәсібі бойынша — 53,7%-ды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті қамту үлесі екі есеге артты, — деп хабарлады баяндамашы.

Оның айтуынша, Жұмыспен қамту жол картасы жобаларында жергілікті қамту үлесі 90,7%-ды құрады. Нысандарда жергілікті компаниялардың құрылыс материалдары пайдаланылды.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісовтың берген ақпаратына сай, өңірде «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 26,6 млрд.теңгеге 172 жоба мақұлданды. Оның ішінде 21,5 млрд теңгеге 165 жоба қаржыландырылды. Олардың басым бөлігі агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асырылады.

Облыста жергілікті қамтуды арттыру бойынша жұмыстар жалғасады. Бұл үшін келесі жылға жоспарлар дайындалуда.

— Қалалар мен аудандардың әкімдері әр кәсіпкермен нақты жұмыс жүргізіп, мемлекеттік қолдау шараларын кеңінен түсіндіруі қажет, — деп тапсырды өңір басшысы Жеңіс Қасымбек. — Жалпы, жергілікті қамтуды арттыру бойынша жақсы жұмыс жүргізілді. Көрсеткіштер жақсы. Бұл қарқындарды төмендетпеу керек. Қазақстандық қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Әрине, біз Қарағанды облысында өндірілетін өнімге баса назар аударуымыз керек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.