«1. «Қарағанды облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 741 Жарлығымен енгізілген Қарағанды облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Жарлықта.
Қарағанды облысында төтенше жағдай аяқталды
Қазақстанның тағы бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі аяқталды. Мемлекет басшысы Қарағанды облысында және Шымкент қаласы мен Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимін алып тастау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.