Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысы 10,3 пайызға артты
Қарағанды облысы тұрғын үй құрылысын ұлғайтуда. Он айда 391,6 мың ш.м. енгізілді — өткен жылдың сәйкес кезеңімен саоыстырғанда 10,3%-ға артық. Жыл қорытындысы бойынша 25%-ға өсу күтілуде. Өңір экономика дамуының оң қарқынын сақтап отыр.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимде өткен Үкімет отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
— Өнеркәсіптің нақты көлем индексі 102,4%-ды, ақшалай мәнде — 2,4 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға артық. Оң динамика өңдеу өнеркәсібінің 4,6%-ға немесе 1,9 трлн теңгеге өсуі есебінен қамтамасыз етілді, — деп хабарлады өңір басшысы. — Өсім барлық салаларда байқалады: түсті металлургияда — 6,9%-ға, қара металлургияда — 5%-ға, химия өнеркәсібінде — 5,1%-ға, Тамақ өнімдері өндірісінде -15,2%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде — 4,7%-ға, фармацевтикада — 3,1 есе.
Жүйе құраушы кәсіпорындар тұрақты жұмыс істейді. Жалпақ илек шығару 20,1%-ға артып, 2,1 млн тоннаны құрады. Мыс өндірісінің көрсеткіші — 334,4 мың тонна, өсім — 7,3%.
Ауыл шаруашылығында 4,6% өсіммен 341,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді.
Он айда 529,7 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл соманың 83%-ын жеке инвестициялар, 34,2%-ын шетелдік инвестициялар алады.
Облыста 2 трлн теңге сомасына, 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 45 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. 2020 жылға 11 жобаны іске қосу жоспарланған, оның ішінде жалпы құны 168,5 млрд теңге болатын сегіз жоба іске қосылды. Олардың қатарында алтын өндіру фабрикасы, техникалық газ өндіру зауыты, көтерме-логистикалық орталық және т. б. бар.
Желтоқсан айында Сараньдағы бұрынғы РТБ зауыты аумағында Yutong қытайлық компаниясымен бірлесіп жолаушылар автобустары өндірісін іске қосу жоспарлануда. Жобаның құны — 22,1 млрд теңге, 440-тан астам жұмыс орнын құрумен. Жоспарланған қуаттылығы — жылына 1 200 автобус.
Осы алаңда ресейлік «Татнефть» компаниясымен бірлесіп автомобиль шиналарын өндіру бойынша ірі жобаны іске асыру басталды. Оның іске қосылуы 2020 жылға жоспарланған. Инвестициялар 114,4 млрд теңгені құрайды. Мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
— Жалпы, жыл қорытындысы бойынша ЖӨӨ-нің оң динамикасын өнеркәсіпте 3%-ға, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемін — 5%-ға, ішкі саудада 0,1%-ға өсу есебінен қамтамасыз ету міндетін қоямыз, — деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.