Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа аса бейім салаларды атады

Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы талдау он үш мемлекеттік кәсіпорында жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингпен көптеген мемлекеттік қызметтер қамтылды. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған бюджет қаражатының жұмсалуы қадағаланады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте басты назар алдын алу шараларына аударылды. Transparency International қоғамдық қорының зерттеуі күш-жігерді қайда бағыттау керектігін көрсетті.

Сауалнама нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия отырысында талқыланды.

— Қазақстанда жыл сайын Transparency International халықаралық үкіметтік емес ұйымына зерттеу жүргізіледі. Екінші жыл қатарынан сауалнамаға Қарағанды облысының тұрғындары қатысуда. Зерттеу нәтижелері кемшіліктер мен проблемаларды көрсетеді. Бірлескен жұмысымыздың тиімділігін арттыру үшін егжей-тегжейлі жол картасын әзірлеуді ұсынамын, — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов.

Оның айтуынша, респонденттер мемлекеттік ауруханалар мен емханаларда, балабақшалар мен колледждерде жиі «келіссөздер жүргізуге» тура келетінін атап өтті. Қауіп аймақтарына полиция, жұмыспен қамту қызметі, жер қатынастары бөлімдері, МСҚБ басқармасы, әскери комиссариаттар да кірді.

Сауалнамаға қатысушылар көмекшілер деп аталатын делдалдардың көмегі туралы хабарлады. Зерттеу көрсеткендей, мұндай жағдайлар сирек емес.

Сауалнамаға қатысқан азаматтардың үштен екісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді, деп атап өтті ведомство басшысы.

Жеке кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізілді. Олардың жартысына жуығы кез-келген мәселені заңды түрде шешуге болады деп санайды. Сонымен қатар, 17% барлығы сыбайлас жемқорлық схемалары арқылы шешіліп жатқанын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім ретінде жер қатынастары саласы, өртке қарсы қызмет көрсетілген.

— Мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығы мен сапасы — ең маңызды басымдылық. Барлығы ашық болуы керек. Тікелей байланыстарды болдырмау үшін қызметтерді барынша цифрлық форматқа көшіру қажет. Барлықтарыңызға зерттеу нәтижелеріне талдау жасап, кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылдауды тапсырамын, — деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.