Қарағанды облысында өрт қауіпсіздігінің сақталуын бақылау күшейтіледі
Қарағанды облысында ауа райы суыта бастағалы өрт оқиғалары жиілеп кетті. Бұл мәселе облыстық әкімдікте онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте талқыланды. Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды және тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Халықтың әлеуметтік қорғалатын санаттары тұратын жеке үйлерде алдын алу рейдтері мен датчиктер орнату жалғасатын болады.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының м.а. Мұрат Қатпанов хабарлағандай, жоғары дәрежелі жылу және энергиямен қамтамасыз етудің барлық нысандары есепке алынды. Оларға тексерулер, сондай-ақ тәжірибелік жаттығулар мен нұсқаулықтар кіреді.
Өрттің алдын алу үшін тұрғын үй секторында рейдтер мен аулаларды аралау жүргізіледі. Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерде 2 299 улы газ датчигі орнатылған.
— Датчиктерді орнатуға барынша көмектесу керек. Әкімдерге осы жұмысты жандандыруды тапсырамын. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына және ереде бұзушылықтардың дер кезінде жойылуына бақылауды күшейту қажет. Барлық тәуекелдерді азайту керек, — деді Жеңіс Қасымбек.