Қарағанды облысында Құрбан айтта қандай шектеулер болады?

Қарағанды облысының тұрғындары арасында КВИ одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында Құрбан айт тойлау кезіне Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 24 жаңа Қаулысы жарияланды, оған сәйкес ағымдағы жылғы 19 шілде сағат 00-ден бастап 23 шілде сағат 00-ге дейінгі аралықта келесі шектеу шараларын сақтау туралы шешім қабылданды:

— меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үйлер мен медреселерде адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;

— малды автокөліктерден және жеке меншік үй иеліктерінен өткізуге тыйым салынады;

— малды сою және өткізу ветеринариялық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған сою пункттері мен алаңдарда (ветеринариялық қызмет бекіткен тізбеге сәйкес аудандарда сою пункттері, алаңдар) арқылы жүргізілуі тиіс.

Облыстың барлық аумағындағы мал сою пункттерінде күшейтілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі.

Құрбандық шалу онлайн режимде Qurban2021.kz сайтқа тапсырыс беру арқылы жасалады: Бұл ретте, санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар талаптарын қатаң сақтай отырып, мұқтаж адамдарға жеткізілетін тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған малдың етін) тасымалдау және сақтау жұмыстарына тартылған адамдарды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға беріледі.

Дереккөз – Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті