Қарағанды облысында медициналық сақтандыру есебінен 73,5 мыңнан астам КТ зерттеулер жүргізілді

Қарағанды облысында 12 медициналық ұйымда компьютерлік томографтар жұмыс істейді. Осы жылдың сегіз айында сақтандырылған пациенттерге 73 579 тегін зерттеу жүргізілді. Медициналық сақтандыру қоры бұл қызметтерді төлеуге 713,5 млн теңге жұмсады.

Зерттеулердің көп бөлігі КВИ диагнозы бар немесе расталған пациенттерге жасалды.

Мысалы, 56 жастағы Қарағанды тұрғыны медициналық сақтандыру есебінен КТ үш рет өтті.

— Өкпенің зақымдану пайызы 56%-ға жетті. Бұл мен үшін өте күрделі және үрейге толы кезең болды. Уақытында диагноз қойғаны жақсы болды, қажетті көмек дер кезінде көрсетілді. Дәрі-дәрмектермен де, қажетті зерттеулермен де проблемалар болған жоқ. Барлығы тегін өткізілді, — деді науқас.

Дәрігерлер компьютерлік томография әртүрлі ауруларды диагностикалаудың заманауи әдістерінің бірі екенін айтады.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша