Қарағанды облысында мұғалімдердің 90%-дан астамы коронавирусқа қарсы екпе алды

Қарағанды облысында білім беру қызметкерлерін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау аяқталуда. Бұл дәстүрлі оқуға оралу шарттарының бірі. Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте жаңа оқу жылына дайындық туралы баяндады. 

Оның айтуынша, оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша оқытудың төрт нұсқасы қарастырылуда:

— қашықтықтан;

— аралас, онда сабақтардың 80%-ы штаттық форматта және 20%-ы қашықтықтан өткізіледі;

— аралас, онда штаттық форматта 1–4 сыныптар, 5–11 сыныптар оқиды – 3 күннен офлайн және онлайн;

— штаттық оқытуға толық көшу.

Шешім эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданады.

– Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарының 39 240 педагогы мен қызметкері немесе 92,6% коронавирусқа қарсы вакцина алды. Сондай-ақ, 18 жастан асқан колледждердің 4 389 студенті екпе жасатты, бұл 55,6% құрайды. Барлық ұйымдарда педагогтар мен қызметкерлердің, сондай-ақ ата-аналардың мәртебесін тексеру үшін Ashyq жүйесі орнатылған. Барлық білім беру ұйымдары мен студенттік жатақханалар толық көлемде санитарлық құралдармен қамтамасыз етілген, – деді Гүлсім Қожахметова.

Мекемелердің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп жүргізіледі.

Сондай-ақ, ведомство басшысы балалар үшін қауіпсіз орта құру туралы баяндады. Білім беру мекемелерінің жартысынан көбінде дабыл түймелері пайда болды. Сондай-ақ, дауыстық ескерту жүйелерін орнатылуда. Аталмыш жүйемен оқу жылының басында барлық мектептер мен колледждер жабдықталады. Сонымен қатар, 92 білім беру ұйымының кіреберістерінде турникеттер орнатылды. Бұл жұмыс жалғасуда.

Басқарма басшысының мәліметінше, биыл 166 білім беру нысаны: 120 мектепте, 26 балабақшада, 19 колледжде және бір балалар үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек барлық жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтап, оның сапасын қадағалауды тапсырды.

– Білім басқармасы санэпидбақылау департаментімен бірлесіп, оқушылар мен студенттерді дәстүрлі жүйеде оқыту үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Қорғаныс құралдарымен жабдықтауды толық көлемде қамтамасыз ету керек. Білім беру ұйымдарының педагогтары мен персоналына вакцинация жүргізу жалғастырылуы тиіс. Сонымен қатар, компьютерлер мен оқулықтармен қамтамасыз ету бақылауда қалады. Аз қамтылған мектеп оқушыларын әлеуметтік қолдауға ерекше назар аудару керек, – деді өңір басшысы.