Қарағанды облысында балалар МӘМС есебінен көру қабілетін түзету және емдеу курстарынан өтті

Қарағанды облысында жыл басынан бері медициналық сақтандыру қаражаты есебінен 616 бала көру қабілетін түзету және емдеу курстарынан өтті. Көрсетілген қызметтердың ақысы 18,6 млн теңгені құрады.

Зерттеу деректері бойынша, Қазақстанда мектеп оқушыларының 33%-ында мектеп бітірер жасқа қарай көз патологиясы анықталады. Офтальмологиялық проблемалар мектепке дейінгі жаста, әдетте, медициналық тексерулер кезінде анықталады. Бірқатар көру патологияларын түзетуге болады, олардың дамуын ортоптикалық емдеу арқылы тоқтатуға болады. Қарағанды облысында мұндай қызметтерді 20 медициналық ұйым көрсетеді.

Облыс орталығында бір ай бұрын Майқұдықтағы жаңа емханада ортоптика кабинеті ашылды.

Ортоптикалық кабинет арнайы тренажерлармен жабдықталған. Курс әдетте 10 күнге созылады. Баланың диагнозына байланысты оны офтальмолог тағайындайды.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша