Қарағанды облысында ауа райы болжамдарының дәлдігі арта түседі
Жезқазғанда американдық радиолокатор орнатылды. Бұл өңірдегі ауа райы болжамдарының дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің мамандары Baron Services Inc американдық компаниясының өкілдерімен бірлесіп Жезқазғанда Доплер метеорологиялық радиолокаторын (ДМРЛ) монтаждау мен орнатуды аяқтады», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Жер үсті метеожелісі деректерімен бірге радарлардан алынған ақпарат бір сағаттан бір тәулікке дейінгі кезеңге ауа райы болжамдарын жасауға, болжамдарды түзетуге, дауыл ескертулерін әзірлеуге мүмкіндік береді.