Қарағанды облысында 27 шілдеде тексеріс жүргізу мақсатында электр дабылдар іске қосылады
Қарағанды облысында ертең, 27 шілдеде құлақтандыру жүйесі іске қосылады. Дыбыстық электр дабылдары 11:00-де жұмыс істейді.
Олар «Барлығының Назарына!» аумақтық деңгейдегі хабарландыру жүйелерінің дайындығын тексеру үшін қосылмақ.
«Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! Сабырлық сақтауды және үрей мен қауесетке бой алдырмауды сұраймыз», – деп мәлімдеді ТЖД облыс тұрғындарына.
Дереккөз – Қарағанды облысының әкімдігі