Қарағанды облысында 168 мобильді топ санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайды
Қарағанды облысында санитарлық режимнің сақталуын 168 мобильді топ қадағалайды. Қараша айында олар 10 464 нысанды аралады. Тексерістер нәтижесінде 309 бұзушылық анықталып, 158 айыппұл салынды.
«Карантин талаптарын бұзудың 50%-дан астамы дүкендерде, сауда орталықтарында және базарларда анықталды. Түнгі клубтарда, дәмханаларда, мейрамханаларда, компьютерлік клубтарда, букмекерлік кеңселерде — 15%. Негізгі бұзушылық — келушілерге қызмет көрсететін персоналда жеке қорғаныс құралдарының болмауы. Сондай-ақ, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген жұмыс уақытының шектеулерін сақтамау фактілері анықталды», — деп хабарлады жедел әрекет ету орталығы.
Мобильді топтар БАҚ-тың қатысуымен кешкі тексерістер өткізеді. Қараша айының соңында үш рейд барысында 60 нысан — ірі сауда үйлері, түнгі клубтар мен мейрамханалар тексерілді. Жеті бұзушылық анықталды.
Екі тамақтану орнында термометрия жүргізілмеген, қызметкерлер қолғапсыз жұмыс істегені белгілі болды. Лаундж-барлардың бірінде кальян қолданылғаны анықталды. Тыйым салынғанына қарамастан, кафелер мен мейрамханалар дискотекалар ұйымдастыруын жалғастыруда. Сондай-ақ, мобильді топтар түнгі 00.00-ден кейін заңсыз жұмыс істеген екі мекемені анықтады.
Қарағандыда «Күнгей» шағын ауданында орналасқан коттедждердің бірінде үйлену тойы тойланды. Тойға 60-қа жуық адам қатысқан. Жаппай іс-шараға үй-жай берген коттедж иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.