Қарағанды облысы әкімінің грантына 300-ден астам жас кәсіпкер үмітті
Қарағанды облысында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдары сұранысқа ие. Облыс әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға бөлген гранттары көпшіліктің көңілінен шықты.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Татьяна Аблаева айтты.
– Облыс әкімінің грантына жас кәсіпкерлердің өтініштерін қабылдау аяқталды. Жалпы сомасы 100 млн теңгеге конкурстық негізде 100 грант беру жоспарлануда, – деді спикер. – Облыстық байқау шарттарына сай, жастар кәсіпкерлігін қолдауға әр өңірде гранттар беріледі. Бүгінгі таңда он қала мен облыста 77,6 миллион теңгеге 132 грант берілді. Жыл соңына дейін тағы сегіз өңірде байқаулар өтеді.
Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың хабарлауынша, облыс әкімінің грантын алу конкурсы бір сертификатқа шамамен үш өтінімді құрайды. 306 жас кәсіпкер өз бизнес-идеяларын ұсынды.
Сұранысқа жоғары бағдарламалар – «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Қарапайым заттардың экономикасы», деп атап өтті Татьяна Аблаева. БЖК бойынша 1817 жоба мақұлданды, «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша – 185 жоба мақұлданып, биыл 22 жоба субсидия алды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру облыста 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Жыл басынан бері барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнестің 3700-ге жуық жобасы қаржылық қолдауға ие болды.