Қарағанды облысы әкімінің гранттарын алуға арналған байқауға өтінімдер қабылдау басталды

10 қыркүйекте жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдауға бағытталған Қарағанды облысы әкімінің гранттар конкурсына өтінімдер қабылдау басталды. Өтінімдер 10 қазан сағат 18:00-ге дейін қабылданады.

Конкурсқа 18-28 жас аралығындағы Қарағанды облысының тұрғындары қатыса алады.

Қажетті құжаттар:

— жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

— жобаның бизнес-жоспары;

— соңғы 36 айда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

— соңғы 36 айда бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті кәсіптік дағдылар мен құзыреттер бойынша оқытудан, біліктілігін арттырудан өткенін растайтын құжаттың (сертификат, диплом) көшірмесі;

— қатысушының әзірлемеге (өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге) құқығын растайтын құжатының көшірмесі (патент, куәлік);

— ағымдағы банктік шотта қаражаттың болуы туралы анықтама;

— бизнес-жоспар жобасында пайдаланылатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жеке меншікті растайтын құжаттардың көшірмесі не жалға алу шартының көшірмесі;

— соңғы 6 айдағы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме;

— оқуды растау туралы оқу орнынан анықтама;

— жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

— жеке кәсіпкердің ағымдағы банктік шотының болуы туралы анықтама;

— банкте несиелік берешектің бар (жоқ) екендігі туралы анықтама;

— жеке кәсіпкердің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.

Өтінім мен құжаттар akimgranty09@yandex.kz поштасына бір pdf файлы ретінде қабылданады.

Конкурс туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://t.me/akimgranty09 немесе 8-778-630-73-97, 8-771-365-99-13 және 8-701-122-24-63 (WhatsApp, Telegram) нөмірлері бойынша.