Қарағанды облысы әкімі грантының иегері Ұлытауда өз ісін дамытуда
Қарағанды облысы Ұлытау ауданының жас кәсіпкері Бибіхан Оспанова облыс және аудан әкімдерінің гранттарының көмегімен сұлулық салонын ашып, бес жерлесін жұмыспен қамтамасыз етті. Оның жоспарында қыш шеберханасы да бар.
– Бала кезімнен сұлулық индустриясында жұмыс істеуді армандадым. Мен маникюр шеберімін. Алдымен клиенттерді үйде қабылдадым, содан кейін жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шешім қабылдадым. 2020 жылы аудан әкімінің 500 мың теңге грантын жеңіп алдым. Бірақ бұл қаражат маған өз ісімді ашуға жетпеді. Мен облыс әкімінің грантына өтінім бердім. Алынған қаражатқа қажеттінің бәрін сатып алып, өткен жылдың желтоқсан айында өзімнің сұлулық салонымды аштым, – дейді Бибіхан.
Салонда үй иесінің өзінен басқа бес адам жұмысқа орналастырылды: кірпікті ұзарту бойынша маман, тағы бір маникюр шебері, ерлер мен әйелдер шаштараздары және әкімші. Сондай-ақ, Бибіхан көп балалы аналарға арналған маникюр курстарын өткізеді. Жас кәсіпкер басқа жобалар туралы ойластыруда.
– Салонда жұмыс істеуден басқа, мен оқу өткіземін. Екі көп балалы ананы тегін оқыттым, қазір олар ақша табуда. Менің жоспарларым өте көп, мен олардың барлығын жүзеге асырғым келеді. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында бұл қол жетімді. Мен өз ауданымда қыш шеберханасын ашқым келеді, – деп өз жоспарларымен бөлісті бойжеткен.
Ұлытау ауданы әкімдігінің мәліметінше, өткен жылы жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға жергілікті әкімнің гранттарына 30 млн теңге бөлінді. Осы қаражатқа 38 жас өз ісін ашты.
Дереккөз – Қарағанды облысының әкімдігі