Қарағанды облыстық онлайн-байқауы Сарыарқаның жаңа есімдерін таныстырады

10 ақпан мен 10 наурыз аралығында Instagram платформасында «Сарыарқаның жаңа есімдері» атты көркемөнерпаздар халық шығармашылығының облыстық байқауы өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

Байқауға 7-14 жас, 15-29 жас, 30-55 жас, 56 жас және одан жоғары жас санаттары бойынша барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Номинациялар:

— вокалдық ән айту (соло, вокалдық топтар);

— хореография (Халық биі, Заманауи би);

— Аспаптық орындау (аспапта ойнау, жеке немесе топтық орындау);

— көркем сөз (мелодекламация, шығармадан үзінді, Stand Up, эскиздер және т. б.);

— бірегей жанр (фокустар, жонглерлік ету, акробатика және т.б.).

Ниет білдіруші байқауға қатысуға өтінімді толтырып, электрондық поштаға жіберуі тиіс: karonmc@mail.ru. Өтінім үлгісі және байқау шарттарын @onmcdint Instagram парақшасынан көруге болады.

Сондай-ақ, байқау нөмірінің видеосын Instagram-да жеке парақшасына орналастырып, @onmcdint парақшасына жазылу, #НовыеИменаСарыарки хэштегін белгілеу және өңірді, тегін, атын, жасын, шығарманың немесе жұмыстың атауын, жанрын көрсету қажет.

Байқауға қатысушыға «+1 » фонограммаларын пайдалануға тыйым салынады. Орындау уақыты 5 минуттан аспауы тиіс.

Дарынды қарағандылықтарды кәсіби қазылар алқасы келесі өлшемшарттар бойынша бағалайды: орындаушылық шеберлік, әртістік, креативтілік, сахналық костюм, бейне сапасы.

Әр жас санаты мен жанрда І, ІІ, ІІІ орындар үшін дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары тапсырылады. Онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша көрермендер көзайымы сыйлығы беріледі.

Марапаттау және қорытынды шығару рәсімі 19 наурызда Кеншілер мәдениет сарайында өтеді.

Қосымша сұрақтарды келесі телефондар арқылы қоюға болады: (8-7212) 42-50-95, 42-50-33, +7-777-048-04-09 (Алтынай).