Қарағанды мамандандырылған ХҚКО-да енді мүгедектігі бар адамдар көлік жүргізу үшін емтихан тапсыра алады

Мүмкіндігі шектеулі адамдар енді Қарағанды қаласының мамандандырылған ХҚКО-да көлік жүргізу емтихандарын тапсыра алады.

«Мүгедектігі бар адамдарға жүргізуші куәлігін алу үшін енді Нұр-Сұлтанға барудың қажеті жоқ. Олар теориялық және тәжірибелік емтихандарды жергілікті мамандандырылған ХҚКО базасында тапсыра алады.Ол Оңтүстік-Шығыста, Мұқанов көшесі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан, – деп хабарлады «Азмататтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі. – Бұл мүмкіндікті іске асыру үшін қолмен басқарылатын арнайы жабдықталған автомобиль бар»».

Үміткерлерден көлік жүргізу емтиханын Қарағанды облысы бойынша ПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия қабылдайды.