Қарағанды гарнизонының әскери қызметшілері халық қолөнерін меңгеруде
Қарағанды гарнизонының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің әскери қызметшілері өлкетану мұражайында халық қолөнерін меңгеруде. Мұнда олар құрақ тігуті үйренеді.
Бұл өнерді қыздарға шебер, өлкетану мұражайының суретші-безендірушісі қымбат Хасенқызы үйретеді. Демалыс күндері ол тегін шеберлік сабақтарын өткізеді.
– Шебердің қолы алтын деп бекер айтылмаған. Халықтық қолөнер — бұл балалар мен жастарды халықтық даналық әлеммен таныстырудың тәсілі. Өз халқының салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан біз «Жұлдыз-құрақ» қолөнер клубын аштық, – дейді Қымбат Хасенқызы.
Ұлттық киімдер мен тұрмыстық заттарды тігу өнері халықтың өмірі туралы көп нәрсе баяндайды.
– Біз бос уақытымызды тиімді өткізуге тырысамыз. Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық қолөнер – біздің мәдени мұрамыздың ең құнды қазыналарының бірі. Мұражайға халық өнерін үйреткендері үшін алғысымызды білдіреміз, – дейді кіші сержант Мейіргүл Тәубебаева.