Қарағанды авиациялық базасы «Су-30СМ» жойғыштарымен толықтырылды
Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиациялық базасына «Су-30СМ» ұшақтары келді.
Ұшақтар Ресейден тікелей рейспен келді, оларды Иркутск авиациялық зауытының тәжірибелі сынақ ұшқыштары жеткізді. Жауынгерлік техниканы тапсыру салтанатты жағдайда өтті. Салтанатты шараға ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.
— Жаңа авиациялық техника Қазақстан Қарулы Күштерін қайта жарақтандыру жоспарына сәйкес Әскери-әуе күштеріне келіп түседі. «Су-30СМ-нің» өте маневрлік көп мақсатты жойғыштары әуе шабуылынан, әуе және жердегі нысандарды анықтау мен жою құралдарынан әскерлер мен нысандарды қорғау мүмкіндігін едәуір арттырады. Олардың арқасында Қарулы Күштердің жауынгерлік әлеуеті артады, — деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.
«Су-30СМ» 4++ жаңа буынды жойғыш. Ол күндіз-түні, кез-келген ауа-райында әрекет ете алады, жаудың ұшақтарын атып, жердегі нысандарды жойып қана қоймай, әуе барлауын жүргізіп, басқа ұшақтарға мақсат қоя алады. Ол ұзақ қашықтыққа және ауада жанармай құю мүмкіндігіне ие.
Қазақстанның «Иркут» авиациялық зауытымен ынтымақтастығы бес жыл бұрын басталды.
Ресейлік сынақ ұшқышы Максим Колюшиннің айтуынша, «Су-30СМ» әлемдегі ең тиімді әскери ұшқыштардың бірі.
— Мен бұл ұшақпен 2012 жылдан бастап ұшамын-алғашқы екі дана құрастырылған сәттен бастап. Біз өз көлігімізді сенімді қолға беруге қуаныштымыз. Бізде қазақстандық ұшқыштармен ертеден қалыптасқан достығымыз бар. Кімге сенетінімізді білеміз», — дейді ол.
Қарағанды авиациялық базасының ұшу және инженерлік-техникалық құрамы Талдықорғанда және дайындаушы зауытта толық қайта оқытудан өтті. Осы типтегі ұшақтарды ұшуға, пайдалануға және оларға қызмет көрсетуге тиісті рұқсаттар алынды.
— Қайта оқыту екі кезеңде өтті — теория және тәжірибе. Мен осы кластағы ұшақпен ұшатыныма қуаныштымын. Менің алғашқы ұшуым 2015 жылдың 27 тамызында өтті. Содан кейін курсант болдым. Сол күннен бастап аспанға ғашық болып, өмірімді авиацияға арнауды ұйғардым, — деп бөлісті жас ұшқыш Темірлан Бәйменов.
Жеңіс Қасымбек әскери қызметкерлерді маңызды оқиғамен құттықтады.
— Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіровтың есімімен аталатын Авиабаза — Қарағандының мақтанышы. Сіздер қойылған міндеттерді ең лайықты түрде шешетіндеріңізге сенімдімін. Жаңа жыл қарсаңында қызметте табыс, жақындарыңызға, отбасыларыңызға денсаулық, амандық және ашық аспан тілеймін, — деді өңір басшысы.