Қар, көктайғақ: Қазақстанның 13 өңірінде жол жағдайы нашарлайды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі бүгін, 2025 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстанның республикалық маңызы бар тасжолдарындағы ауа райы жағдайы туралы мәлімет таратты.

Ұлттық компанияның мәліметінше, еліміздің бірқатар облысында жаңбыр аралас қар мен қар жауады деп болжанып отыр.

Қолайсыз ауа райы келесі өңірлерде күтіледі:

▫️Ақмола облысы
▫️Батыс Қазақстан облысы
▫️Қарағанды облысы
▫️Ақтөбе облысы
▫️Қостанай облысы
▫️Маңғыстау облысы
▫️Атырау облысы
▫️Солтүстік Қазақстан облысы
▫️Павлодар облысы
▫️Шығыс Қазақстан облысы
▫️Алматы облысы
▫️Абай облысы
▫️Ұлытау облысы