Анонимді әлеуметтік сауалнама іске қосылды

Ұлытау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қоғамның мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейін айқындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында Telegram-мессенджерде анонимді әлеуметтік сауалнама іске қосты. Сауалнаманы https://t.me/Ulytauantikorkzbot сілтемесі немесе QR коды арқылы алуға болады. Облыс тұрғындарынан белсенді қатысуын сұраймыз.