«Ана мен бала» орталығын салу жоспарда бар

♦️ Облыс басшысы перзентхана қызметкерлерімен кездесіп, ғимараттың жәй-күйімен танысты. Өңірімізде «Ана мен бала» орталығын жеке ғимарат ретінде болашақта ашу үшін тиісті жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты. Өйткені, ана мен бала өлімі өңірімізде тіркелетіні жасырын емес. Қалашықтағы перзентханаға ауыр жағдайда түскен жүкті әйелдерге көмек көрсететін мамандар тапшы. Олар көпбейінді ауруханадан жеткенше көп уақыт өтетіні анық. Сондықтан тиісті дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп үлгермейді. Бұл мәселені де облыс басшысына сала мамандары баяндады. Көпбейінді аурухана базасында жасақталған жаңа перзентхана осы олқылықтардың орнын толтырады. Өйткені, орталықтың техникалық базасы соңғы жабдықтармен қамтамассыз етілген.
♦️Мәселен,
сәулелі (атом) — 6 дана
Кувез (атом) — 1 дана
Фототерапия — 6 дана
Босандыруға арналған түрлі кереуеттер — 7 дана
Видеоларингоскоп — 1 дана