Қамшыбек Қоңқабаев ел қоржынына төртінші қоланы салды

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының финалдық кезеңіне  өте алмады.

 

Жартылай финалда Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торреспен кездескен болатын. Алғашқы айналымда ринг тізгінін америкалық боксшы өз қолына алып, басымдық көрсетті. Ал, екінші раундта Қамшыбек ринг тізгінін өз қолына алып, қарсыласына бірнеше ауыр соққы жұмсай алды. Әйтсе де, кездесудің соңына таман өзі нокдаун алып қалды. Кездесудің үшінші раунды тартысты өтті. Финалға шығу үшін Қамшыбекке қарсыласын нокаутқа жіберу керек болған. Әйтсе де, жерлесіміз ондай жеңіске қолжеткізе алған жоқ. Қайта өзі жарақат алып, кездесу тоқтатылды. Жеңіс америкалық боксшының еншісінде.

Әйтсе де, Қамшыбектің еншісінде қола жүлде бар. Бұл Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасындағы 4-ші қоласы.

Айта кетейік, бұған дейін Қамшыбектің қарсыласы Ричард Торрестің қандай боксшы екені туралы жазған болатынбыз.