«AMANAT» партиясы Ұлытау аудандық филиалының төрағасы сайланды
«AMANAT» партиясы Ұлытау аудандық филиалының кезектен тыс VI конференциясы өтті. Іс-шараға Ұлытау облыстық мәслихатының хатшысы, «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Шыңғысов, өңірлік саяси кеңес мүшелері, мәслихаттардағы «AMANAT» депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының басшылары, аудандық партия активі қатысты.
Жиынды өңірлік филиалдың атқарушы хатшысы Думан Жұманов жүргізіп отырды. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Аудандық партия филиалының 2022 жылда атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы Думан Жұманов баяндады.
Ұлытау аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттар фракцияның 2022 жылда атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері жөнінде Эльмира Ершұманова есеп берді.
Жиынға қатысушылар бірауыздан «AMANAT» партиясы Ұлытау аудандық филиалының төрағасы лауазымына Ұлытау аудандық мәслихатының хатшысы Ахат Құрмансейітовті сайлады.
Партияның аудандық филиалының төрағасы Ахат Құрмансейітов өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруға сөз беріп, партияластарды алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралғаннан кейін төраға Бауыржан Шыңғысов өз ой-пікірімен бөлісті.
«Біз әрдайым қарапайым халықпен тығыз байланыста болуымыз керек. Кез келген мәселелерді дер кезінде шешкеніміз дұрыс деп есептеймін. Мен сіздерді әрқашан бірлесе жұмыс жасауға шақарымын. Себебі, «AMANAT» партиясы – ел Президентінің қоғамдық тірегі. Аманаттықтар әрқашан алдыңғы қатардан табылады деген үміттемін», – деді Бауыржан Шыңғысов.
Жиыннан соң Бауыржан Шыңғысов пен аудан әкімі Аманжол Мырзабеков №1 Ұлытау Тірек мектебінің жаңартылған материалдық-техникалық базасымен танысты.